Шаруалар қарбалас сәтте

ТОО Нур-2000
13 сәуір 2017

Шаруалар қарбалас сәтте

Шаруалар қарбалас сәтте

Көктем жылып сала бергені сол еді, ауданның егіс алқаптары да айтарлықтай жандана түсті. Барлық жерде трактордың гүрілі естіліп, жұмыс қызу жүріп жатыр. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша бүгінгі таңда диқандар  жоспарланған егістік алқабының жартысынан астамына себу жұмыстарын аяқтады және олар бұл жолы өз алқаптарына тұқым шаруашылығынан алынған элиталық тұқымдарды ғана егуге тырысуда.

Мемлекет бағдарламасы бойынша көктемгі егісті игеруге бөлінген 1350 тонна дизель отынының жеңілдетілген бағасы литріне 120 теңге. Шаруа қожалықтарына жеңілдік тиімді болып, 145795 литр дизель отынын алды.  Ауданның шаруалары алдына 2200 гектарға қант қызылшасын егу міндеті қойылған болатын. Қазір жұмыс қарқыны қызу, қарбаласқа толы. Қант қызылшасын дер кезінде екпесең, жақсы өнім бермейтінін сала мамандары біледі. Барлық шаруашылықтар жаппай күрделі техникалық дақылға жер дайындау жұмыстарымен айналысуда.

Бірлік бар жерде тірлік те болатынын шаруаларымыз түсінгендей. Қазіргі уақытта ауданымыздың 326 шаруа қожалығы біріккен 7 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмыс істеуде. Бұған дәлел ретінде Қонаев ауылы әкімдігін айта аламыз. Ауданымызда алғашқы болып 279 шаруа қожалықтың ішінен 156 шаруа қожалығы бірігіп 7 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрды. Енді шашауын шығармай көктемгі далалық жұмыстарды тез аяқтау шаруалар үшін басты міндет.

П. НОРКИН.

Суретте: «Нұр-2000» ЖШС-нің көктемгі жұмысы жүйелі. ЖШС директоры Асхат Оспанов пен аудан әкімдігінің   маманы Данияр Ахметов тұқым сапасын тексеруде; тракторшы Юрий Федюкин «Алижан» шаруа қожалығының жерін қант қызылшасын егуге дайындауда. 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75