Жаныңда жүр жақсы адам

3
8 қазан 2018

Жаныңда жүр жақсы адам

Осы аптаның сейсенбі күні аудан әкімі Қайрат Досаевтың бастамасымен, «Нағыз патриоттар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Шу ауданы және Шу қаласы іскер әйелдер кеңесінің кеңсесінде «Жаныңда жүр жақсы адам» атты ауданымыздың зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының «Рухани Қазына»   кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған бұл кездесуге аудан әкімі Қайрат Досаев, аудан әкімінің орынбасары Клара Қожағаппанова, «Нағыз патриоттар» ҚБ-нің төрайымы Ғалия Әбітаева және ауданымыздың зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап айтсақ,олар түрлі салада нәтижелі еңбегімен көзге түсіп, көпшіліктің ықыласына бөленген тұлғалар. Сондықтан болар жиын басталысымен аудан басшысы Қайрат Әскербекұлы бұл басқосуда тек қана бір салаға қатысты талқылаулармен шектелмейтінін, түрлі тақырыптарда әңгімелер айтылып, мәселелер талқыланатынын атап өтті. Әкім айтқандай-ақ, кездесу барысында зиялы қауым өкілдері әртүрлі тақырыпта пікір алмасып, орамды ойларын ортаға салды.

Осы кездесуге арнайы Астана қаласынан ат терлетіп келген Экономика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Сайлау Батыршаұлы қазақтың батыр ұлы – Бауыржан Момышұлы туралы естен кетпес естеліктерін айтып, біртуар азаматтың өз аузынан естіген есті әңгімелерін тілге тиек етті.

Жиын барысында аудан басшысы Қайрат Досаев өңірімізде әр салада атқарылып жатқан игі істерді және болашақта қолға алынғалы отырған жұмыстар жоспарымен кеңінен бөлісті. Ал, өз кезегінде зиялы қауым өкілдері аудан басшысының атқарып жатқан жұмыстарына баға беріп, қолға алып жатқан игі істеріне сәттілік тіледі. Зиялы қауым өкілдері әкімнің атқарған тындырымды тірліктеріне баға беріп қана қоймай, сондай-ақ, өз кеңестерін де айта отырды.

Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі жиынға жиналған барлық тұлғаларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да бас қосып тұруды баса айтты. Сондай-ақ, аудан басшысы ерен еңбектерімен халықтың қалаулысы болып жүрген зиялы қауым өкілдеріне өз атынан сыйлықтарын ұсынды.

Мият КӘШІБАЙ.

Суретті түсірген: П.НОРКИН.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75