Қызылша үшін бәріміз Жауаптымыз

Далакайнар-сев свеклы
17 мамыр 2017

Қызылша үшін бәріміз Жауаптымыз

Қызылша үшін бәріміз

Жауаптымыз

Біздің өңірімізде қант қызылшасын өсіру мен күтіп-баптау, әсіресе, қызылша мәселесі көтерілгелі бері баспасөз ардагері ретінде маған өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдарындағы «Аудан бойынша мемлекетке 250 000 тонна тәтті түбір тапсырайық!» немесе «Қызылша үшін бәріміз жауаптымыз!»-деген үндеулер есіме түсе береді. Өйткені, сол жылдарда аудан еңбеккерлері аса бағалы дақыл – қант қызылшасын өсірумен  жаппай айналысты. Мектеп оқушыларынан бастап,  бюджеттік мекемелердің қызметкерлері де, тіпті теміржолшылар қауымы да қызылша шаруашылығындағы науқанды жұмыстарға қолғабысын тигізді. Ең бастысы, сол кезеңде Қазақстанда ірі кәсіпорын саналатын Шу қант зауыты сағаттай сыртылдап, тоқтаусыз жұмыс істеп тұрды.

Бүгінгі таңда үкіметіміз қант қызылшасын өсіруге жіті көңіл бөліп жатқандығы белгілі жайт. Әйткенмен, ауылдағы қызылша өсірушілердің алаңдайтын жағдайлары да жоқ емес. Біріншіден, өз ауданымызда бағалы шикізатты өңдейтін қант зауыты жоқ. Екіншіден, тәтті түбірді қабылдайтын пунктерде жұмыс істемейді.

Нарықтық қатынас жағдайында бағалы шикізатты Меркі қант зауытына тасымалдау жағдайы да тиімді болмай отыр. Өнімнің өндірілген өзіндік құны қымбаттап, жұмсалған шығын ақталмай отырғандығы да жасырын емес. Сондықтан, ауданымызда шағын қант зауытының іске қосылуын ауылшаруашылық иелері де қызу қуаттайды. Бұл мәселе жуық арада шешілетін болса, қызылша өсірушілердің де сенімі ақталатын іспетті.

Ал,  шулық  қызылша өсірушілердің алдына биыл 1600 гектарға қызылша егу межесі қойылған. Осыған орай, әрбір ауылдық округке тиісті тапсырмалар жүктелген.

Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша ауданда 910 гектарға қызылша тұқымы себілген. Қант қызылшасын өсірушілер өз міндеттерінің мүддесінен шығу үшін  аянып қалмауда.

Бұл ретте Дулат, Өндіріс ауылдық округтерінде бағалы дақылды өсіруге баса назар аударылып жатқандығын атап өткен жөн. Сондай-ақ, Бірлікүстем, Қонаев, Қорағаты, Далақайнар ауылдық округтерінде де қызылшаға деген құлшыныс айқын байқалады.

Петр НОРКИН.

Суретте: ауылшаруашылық мамандары Данияр Ахметов пен Иманәлі Қоспанов бұл күндері, яғни науқанды жұмыстардың басы-қасында болып, қызылша өсірушілерге жан-жақты көмектесуде.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75