Аудан басшысы аналарды қабылдады

_MAR1800
12 наурыз 2018

Аудан басшысы аналарды қабылдады

 

Сәрсенбі күні аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қайрат Досаев Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, өңіріміздегі әйел затының құрметті өкілдерін қабылдады (суретте).

Шара барысында аудан басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, ең ізгі тілегін жеткізді. Мұнан басқа Қайрат Әскербекұлы көпбалалы аналарды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен тағайындалған «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапаттады. Сондай-ақ, өмірдің түрлі саласында өздерінің жемісті еңбектерімен ерекшеленген нәзік жандыларға аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатын табыс етіп, барлық қатысушыларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар ұсынылды.

Аудандық мәслихат хатшысы Е.Өмірәлиев те аналар мен арулардың қоғамдық өмірдегі рөлін атап өтіп, жылы лебізін білдірді. Ал, мемлекеттік қызмет және құқықтық тәртіп органдарының ардагері Байғұбаева Анар Рақышқызы аудан басшылығына көрсеткен құрметтері үшін әйелдер қауымының атынан ризашылығын білдірді. Айта кететін жайт, қабылдауға Арқанкерген жасағында әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан, жерлесіміз Жанаттың анасы Гаухар Ильясова, Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық «Жас ғалым» ғылыми жобаларды қорғау конкурсында үшінші орынды иеленген, «Жібек жолы» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Эхсан Ахунбаева да арнайы шақырылып, оларға да гүл шоқтары мен сыйлықтар тарту етілді.

(Өз тілшіміз).

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75