Отан қорғаушылар Марапатталды

_APR5941
11 мамыр 2017

Отан қорғаушылар Марапатталды

Отан қорғаушылар

Марапатталды

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күніне 25 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі Қайрат Досаев төрағалық еткен бұл жиынға аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлері және бірқатар бөлім басшылары мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты.

Қайрат Әскербекұлы қатысушыларды, соның ішінде әскери қызметкерлерді егемен еліміздің Қарулы Күштерінің мерейін асқақтататын мерекемен құттықтады:

-Ел бақытының баянды болуы – Отан қорғаушылар қолында екені бәрімізге белгілі. Бұл күн Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды армияның атағын асқақтататын нағыз ерлердің мерекесі. Сондықтан баршаңызды батырлық пен төзімділіктің мерекесі болған Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс тілеймін!

Ізгі тілек білдірген аудан басшысы ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметін жетілдіруде және өскелең ұрпақты Отан қорғауға даярлау, оларға патриоттық негізде тәрбие беруде сіңіріп жүрген еңбектері үшін бірқатар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлерін, білім беру мекемелеріндегі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдерін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады және аудандық мәслихат хатшысы Ержан Өмірәлиев те әскери қызметтегі бірнеше азаматқа Шу ауданының Құрмет грамотасын табыс етті (суретте).

Өз кезегінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Бақытжан Жолдас мерейлі мерекенің маңызына қысқаша тоқталып өткеннен кейін, аудан басшысына өзі басқарып отырған бөлім ұжымының атынан патриоттық негіздегі көптомдық шығармалар жинағын тарту етті. Құттықтаушылар қатарынан табылған аталмыш бөлім басшының орынбасары Қуаныш Бексейітов та ауданның қорғаныс қабілетін арттыруға сүбелі үлес қосып жүрген азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Соңында Қайрат Әскербекұлы қатысушыларды қаһармандық дәстүрдің жарасымды жалғасы негізіндегі атаулы мерекемен тағы да құттықтап, салтанатты жиынды қорытындылады.

Балнұр ЖЕКСЕНБЕКҚЫЗЫ 

Суретті түсірген Петр Норкин.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75