«2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Шу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі №104 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Шу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі №104 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.  «2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Шу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі №104 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3814 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік- құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2018 жылғы 24 мамырда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Клара Исаққызы Қожағаппановаға жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                     Қ. Досаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шу ауданы әкімдігінің

2018 жылғы №    қазандағы

№ қаулысына қосымша

 

2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

 

Атауы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы Бір айға ата-ананың төлемақысының мөлшері (теңге)  
Тәрбиеленушілер саны Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны  
Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар (шағын орталық)  
  Толықкүндікшағынорталықтар 724 15299 5000  
  оныңішінде:        
1 Шу қаласындағышағынорталықтар 175 13155 5000  
2 Ауылды елді мекендегі шағын орталықтар 549 17442 5000  
  Мектепкедейінгімемлекеттікұйымдар (балабақшалар)  
1 Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ақерке» балалар бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 40 29803 6000  
2 Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Кәусар» балалар бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 50 29803 6000  
  Мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдар (балабақшалар) Частные дошкольные организации (детский сад)
3 «Әсия – Әлемі»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Әсия-Әлемі» балалар бақшасы

200 29663 6000  
4 «Біржан – Нұрдаулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Нұрдаулет» балалар бақшасы 75 29663 6000  
5 «Компания Марк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Арайлым» балалар бақшасы 150 29663 6000  
6 «Алдияр-Даниял» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Інжу» балалар бақшасы 75 29663 6000  
7 «Дияр-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Дияр» балалар бақшасы 75 29663 6000  
8 «Амира Ханшайым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Амира Ханшайым» балалар бақшасы 60 29803 6000  
9 «Ару-Толғанай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ару-Толғанай» балалар бақшасы 50 29803 6000  
10 «Амира Ханшайым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Алмар» балалар бақшасы 100 29803 6000  
11 «Шарапат-2018» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Лашын» бөбекжай балалар бақшасы 75 29803 6000  
12 «Шу Нұр Аш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Шу Нұр Аш» бөбекжай балалар бақшасы 75 29803 6000  
13 «Аруназ -Шу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Аруназ- Шу» балалар бақшасы 55 29663 6000

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75