Тарифті белгілеу туралы

Жоба

 Тарифті белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  31, 37 баптарына және «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына сәйкес, Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шу қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда жол жүру тарифі -50 (елу ) теңге болып бекітілсін.
  2. Қосымшаға сәйкес қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруде бірқатар санаттағы тұлғаларға жеңілдіктер бекітілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Сегізбайұлы Жақсыбаевқа жүктелсін.

3.Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

  Аудан әкімі                                                                        Қ. Досаев                                                 

 

   «КЕЛІСІЛДІ»

Шу аудандық мәслихатының

хатшысы                      Е. Өмірәлиев

«___»_______________ 2018 жыл

 

Шу ауданы әкімдігінің
Шу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы    қыркүйектегі №       қаулысына қосымша

 Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруге бірқатар санаттағы тұлғаларға  берілген жеңілдіктер

 

1. Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жүруге  төмендегі санаттағы тұлғалардың құқығы бар:
– Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына, мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар;
-75 жастан асқан зейнеткерлер;
–  бірінші, екінші топтағы мүгедектерге және он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балалар
          2.   Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тариф құнының 50% көлемінде жеңілдетілген жол жүруге төмендегі санаттағы тұлғалардың құқығы бар:
–  жалпы білім беретін мектептердің оқушылары;
–  арнайы орта оқу орнының білім алушыла

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75