Шу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Шу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Шешім жобасы

 

Шу ауданы бойынша коммуналдық

қалдықтардың түзілу және жинақталу

нормаларын және тұрмыстық қатты

қалдықтарды жинауға,  әкетуге

және көмуге арналған тарифтерді

бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының                       6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы «Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» № 145 бұйрығына  және Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы» № 404 бұйрығына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу, жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Шу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Шу аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық тәртіпті сақтау, табиғатты пайдалану, өнеркәсіп салаларын, құрылысты, көлікті, байланысты, энергетиканы жетілдіру, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

 

Шу аудандық маслихаты сессиясының төрағасы

 

  Шу аудандық

маслихат хатшысы

______________С.Әбдіманапов

 

  ______________Е.Өмірәлиев

Шу ауданы мәслихатының

№ __  «__»______ 2018 жылғы

шешіміне 1 қосымша

 

Шу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары

 

Коммуналдық қалдықтардың қалыптасу көздері Есептік бірлік Нормасы жылына 1 есептік бірлік текше метрге
1 Тұрмысқа жайлы тұрғын үйлер 1 тұрғын 0,92
2 Тұрмысқа жайсыз тұрғын үйлер 1 тұрғын 1,76
3 Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi 1 орын 2,1
4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,4
5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктерi, байланыс бөлiмшелерi 1 қызметкер 1,78
6 Емханалар 1 келушіге 0,0006
7 Ауруханалар, санаторийлер, қарттар үйі өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi 1 төсек-орын 1,42
8 Мектептер және тағы басқа оқу орындары 1 оқушы 0,62
9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi 1 отыратын орын 1,68
10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 отыратынорын 0,43
11 Мұражайлар, көрмелер жалпы алаңның 1 шаршы метрі 0,33
12 Стадиондар, спорт алаңдары 1 орын жоба бойынша 0,1
13 Спорт, би және ойын залдары жалпы алаңның 1 шаршы метрі 0,11
14 Азық-түлiк дүкендерi сауда алаңының 1 шаршы метрі 1,05
15 Көлік сату сауда алаңының 1 шаршы метрі 0,4
16 Өнеркәсiптiк дүкендер, супермаркеттер сауда алаңының 1 шаршы метрі 0,38
17 Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер сауда алаңының 1 шаршы метрі 0,45
18 Азық-түлiк тауарларының көтерме базалары, қоймалары жалпы алаңның 1 шаршы метрі 0,7
19 Өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме базалары, қоймалары жалпы алаңның 1 шаршы метрі 0,48
20 Тұрмыстық қызмет көрсету үйi: халыққа қызмет көрсету жалпы алаңның 1 шаршы метрі 0,89
21 Дәрiханалар сауда алаңының 1 шаршы метрі 0,47
22 Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, автокөлік жанармай станциясы, гараждар 1 көлік-орын 12,28
23 Автокөлік шеберханалары 1 жұмысшы 4,66
24 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орын 1,58
25 Кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi жалпы алаңның 1 шаршы метрі 0,62
26 Зергерлiк, аяқ киiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары жалпы алаңның 1 шаршы метрі 1,1
27 Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кiлттер жасау және тағы басқалар) 1 жұмыс орын 1,1
28 Моншалар, сауналар жалпы алаңның 1 шаршы метрі 1,01

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75