Шу ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Шу ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Жоба

 

Шу ауданының аудандық

маңызы бар жалпыға

ортақ пайдаланылатын

автомобиль жолдарының

тізбесін, атаулары мен индекстерін

бекіту туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шу ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Шу аудан әкімдігінің 2017 жылғы 28 шілдедегі «Шу ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының тізбесін, атаулары мен индектерін бектіу туралы»  № 268 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3518 болып тіркелген, 2017 жылдың 15 шілдесінде № 55 (9134) “Шу өңірі” газетінде жарияланған)  күші жойылған деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Сегізбайұлы Жақсыбаевқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                             Қ.Досаев

 

 

                                                                           Шу ауданы әкімдігінің

2018 жылғы __ қазандағы №__

қаулысына қосымша

 

Шу ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ

пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

 

 

Автомобиль жолдары
Индекс Атауы Ұзақтығы

(шақырым)

1. KH-SH-1 Төле би-Абай(0-8,91) 8,91
2. KH-SH-2 Тасөткел ауылына кіреберіс (0-2,20) 2,20
3. KH-SH-3 Аспара ауылына кіреберіс (0-0,84) 0,84
4. KH-SH-4 Еңбек ауылына кіреберіс(0-1,75) 1,75
5. KH-SH-5 Сауытбек ауылына кіреберіс(0-5,74) 5,74
6. KH-SH-6 Жайсан ауылына кіреберіс(0-1,11) 1,11
7. KH-SH-7 Жаңажол ауылына кіреберіс(0-6,85) 6,85
8. KH-SH-8 Еңбекші ауылына кіреберіс(0-1,00) 1,00
9. KH-SH-9 Тасөткел су қоймасы ауылына кіреберіс(0-4,20) 4,20
10. KH-SH-10 Көкқайнар-Ақсу(0-15,84) 15,84
11. KH-SH-11 Оразалы Батыр ауылына кіре беріс(0-1,22) 1,22
12. KH-SH-12 Ақсу ауылына кіре беріс(0-6,22) 6,22
13. KH-SH-13 Бірлік ауылына кіреберіс (0-1,54) 1,54
14. KH-SH-14 Далақайнар ауылына кіреберіс (0-0,97) 0,97
15. KH-SH-15 Балуан Шолақ ауылына кіреберіс(0-5,60) 5,60
16. KH-SH-16 Балуан Шолақ-Бөлтірік-Ақтасты(0-4,12) 4,12
17. KH-SH-17 Еспе ауылына кіре беріс(0-6,00) 6,00
    Барлығы: 71,72

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75