Шу ауданы әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуі

Шу ауданы әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуі

Аудан әкімдігінің

2017 жылғы 23 ақпандағы

№ 42 қаулысымен бекітілген

 

 

         Аудан әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс-шараның атауы Мерзімі Жауаптылар Орындалуы туралы ақпарат
1. Ақсу ауылындағы Қарабалта өзеніне көпір салу мүмкіндігін қарастыру үшін. Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Н.Шимашев

Қарабалта өзеніне көпір салу үшін қаражат бөлуге аудандық бюджеттік комиссияға ұсыныс енгізіледі.Орындалу үстінде
2. Оразалы батыр ауылына ауыз-су жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамасын дайындау Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы Оразалы батыр ауылына ауыз су жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамасын аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі дайындауда.Орындалу үстінде
3. Көкқайнар ауылына фельдшерлік пункт салу үшін жобалық сметалық құжаттамасын дайындау Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЕ.Аймамбетов

А.Мұқатаев

 

Көкқайнар ауылына 10 келушіге арналған фельдшерлік – акушерлік пункт салу үшін облыстық құрылыс басқармасы арқылы  тендер өткізіліп жеңімпаз мердігер анықталды, ендігі кезекте жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.Орындалу үстінде
4. Көкқайнар ауылындағы С.Естемесов атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттамасын дайындау Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЕ.Аймамбетов

С.Сәрсенбеков

К.Қожағаппанова

Т.Итекеев

Көкқайнар ауылындағы С.Естемесов атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық – сметалық құжаттаманы дайындау үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс әдісімен хабарландыру берілді.Орындалу үстінде
5. Белбасар ауылының Е.Бекқожаев және Х.Сауранбаев көшелердегі жер асты су құбырларын ауыстыру мүмкіндігін қарастыру. Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Т.Райымқұл

Ж.Рысмендеев

Аталған көшелерге жер асты су құбырларын қайта жаңғырту үшін 30,0 млн теңге қаржыға ЖСҚ әзірленген. Қаржы бөлу мәселесі қаралуда.Орындалу үстінде
6. Белбасар ауылының Е.Бекқожаев көшесіне асфальт төсеу мүмкіндігін қарастыру Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Ж.Рысмендеев

Белбасар ауылының Бекқожаев көшесіне орташа жөндеуге қаржы бөлу жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға сұраныс енгізіледі.Орындалу үстінде
7. Жаңа жол мен Бірлікүстем ауылдарына баратын айырма жолға жол белгісін қою мүмкіндігін қарастыру Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы Жаңа жол мен Бірлікүстем ауылдарына баратын айырма жолға жол белгісі ағымдағы жылдың маусым айында орнатылатын болады.Орындалу үстінде.
8. Жаңа жол ауылындағы И.Мамедгасанов көшесінің жолын жөндеу мүмкіндігін қарастыру Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Ж.Тажиев

Жаңажол ауылының Мамедгасанов көшесіне орташа жөндеу үшін қаржы бөлу жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға сұраныс енгізілді.Орындалу үстінде.
9. Бірлікүстем ауылынан спорт мектебін ашуға жобалық сметалық құжаттамасын дайындау Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЕ.Аймамбетов

С.Сәрсенбеков

М.Мауленов

Спорт мектебін ашуға жобалық сметалық құжаттамасы дайындалу үстінде.Орындалу үстінде
10. Қонаев ауылы Байтұрсынов көшесінің жолын жөндеу Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Ж.Бахтияров

Қонаев ауылының Байтұрсынов көшесіне орташа жөндеу үшін қаржы бөлу жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға сұраныс енгізілді.Орындалу үстінде
11. Далақайнар ауылындағы Т.Әшімбаев атындағы орта мектептің жапсарлас спорт залы, акт залы және асхана құрылысы үшін жобалық сметалық құжаттамасын дайындау Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЕ.Аймамбетов

С.Сәрсенбеков

К.Қожағаппанова

Далақайнар ауылы Т.Әшімбаев атындағы орта мектепке жапсарлас спортзал, мәжіліс залы, асхана құрылысына жобалық – сметалық құжаттама дайындауға жергілікті бюджеттен 10 000,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда қажетті құжаттар тізбесі дайындалып, мемлекеттік сатып алу конкурсы 6 сәуірде жарияланды. Жеңімпаз 30 мамырда анықталады.Орындалу үстінде
12. Көктөбе ауылының ауыз су құбырларын пластикалық құбырлармен ауыстыру Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Т.Райымқұл

Көктөбе ауылындағы ауыз су құбырларын пластикалық құбырлармен ауыстыру үшін ЖСҚ әзірлеу үшін қаржы бөлуге сұраныс берілді.Орындалу үстінде
13. Балуан Шолақ ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге жобалық сметалық құжаттамасын жасау Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЕ.Аймамбетов

М.Базарова

С.Сәрсенбеков

Мәдениет үйінің құжаттары дұрыс болмаған,  яғни жерінің актісі қайта рәсімделуде.Орындалу үстінде
14. Дулат ауылдық округіне фельдшерлік пункт салу үшін жобалық сметалық құжаттамасын дайындау Жыл ішінде Е.АймамбетовА.Мұқатаев Дулат ауылдық округіне 10 келушіге арналған фельдшерлік – акушерлік пункт салу үшін облыстық құрылыс басқармасы арқылы  тендер өткізіліп, жеңімпаз мердігер анықталды. Ағымдағы уақытта жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.Орындалу үстінде
15. Бірлік ауылы Центральная көшесінің асфальтталмай қалған бөлігін  аяқтауға қаржы қарастыру Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Б.Төлендиев

Бірлік ауылының Центральная көшесінің қалған бөлігіне орташа жөндеу үшін қаржы бөлінді. Жұмыстар қыркүйек айында аяқталатын болады.Орындалу үстінде
16. Ақтөбе ауылының электр желілеріне түгендеу жасап, тозығы жеткен желілерді анықтап, ауыстыру Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Б.Жанкулиев

Ақтөбе ауылының электр желілерінің тозығы жеткен сымдары анықталып, желілер ауыстырылды және бағаналар жаңартылды.Орындалды.
17. Мойынқұм ауылының Төле би, С.Шәкіров көшелерінің жартысына асфальт төсеу мүмкіндігін қарастыру Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Е.Анатаев

Мойынқұм ауылының Шәкіров көшесіне орташа жөндеу үшін ЖСҚ әзірленуде.  Жұмыстар шілде айында басталып, қазан айында аяқталатын боладыОрындалу үстінде
18. Абай ауылының ауыз су құбырларын ауыстыру Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Т.Райымқұл

Абай ауылындағы ауыз су құбырлары маусым айында ауыстырылатын боладыОрындалу үстінде
19. Абай ауылына кіреберіс жолды аяқтау Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы Абай ауылына кіре беріс автомобиль жолы ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі.Орындалу үстінде.
20. Тасөткел ауылының Абай көшесіндегі бітпей қалған 270 м  жолды асфальттау мүмкіндігін қарастыру Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Б.Жаксымбетов

Тасөткел ауылындағы Абай көшесінің 270 метріне сметалық құжат дайындалып,ауданның экономика бөліміне жіберілген.Орындалу үстінде
21. Тасөткел ауылындағы Т.Рысқұлов орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық — сметалық құжаттамасын дайындау Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЕ.Аймамбетов

С.Сәрсенбеков

К.Қожағаппанова

Тасөткел ауылындағы Т.Рысқұлов орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық — сметалық құжаттамасын дайындау үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс әдісімен хабарландыру берілді.Орындалу үстінде
22. Алға ауылына жаңа мектеп салу үшін Амангелді атындағы орта мектебінің сейсмикалық жағдайын анықтау Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЕ.Аймамбетов

С.Сәрсенбеков

К.Қожағаппанова

Алға ауылына жаңа мектеп салу үшін «Амангелді» атындағы орта мектебінің сейсмикалық жағдайын анықтау КазНИИССА арқылы жүзеге асырылады.Орындалу үстінде.
23. Алға ауылындағы Бармақ, Шымырқұл және Сауытбек ауылындағы Несіпбай көшелерін асфальт төсеу мүмкіндігін қарастыру Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Е.Қосахов

Алға ауылының Шымырқұл көшесі мен Сауытбек ауылындағы Несіпбай көшесіне орташа жөндеу үшін ЖСҚ әзірленуде.  Жұмыстар шілде айында басталып, қазан айында аяқталатын болады.Орындалу үстінде
24. Төле би ауылының С.Шакиров көшесі №128 көп қабатты үйден Жамбыл көшесіне дейінгі бөлігін жарықтандыру Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Е.Даберов

Төле би ауылы Шәкіров көшесіне жарықтандыру шамдары а.ж. қыркүйек айына дейін орнатылатын болады.
Орындалу үстінде
25. Шу қаласы, Алға, Төле би ауылдарынан жеке меншік тұрғын-үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін беруге арналған алқаптарға инфрақұрылым жүргізуге жобалық сметалық құжаттамасын жасау Жыл ішінде Ә.БалқыбековН.Жақсыбаев

Е.Даберов

З.Тұрсынұлы

«Шу ауданы Шу қаласы «Оңтүстік батыс» тұрғын аумағы 258,7 га.,Төле би ауылы «батыс» тұрғын аумағы – 147,73 га., Алға ауылы «Оңтүстік» тұрғын аумағы-25 га алқаптарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын  (электрмен қамтамасыз ету және көшелерінің жолдары) дамыту» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау үшін ашық электронды конкурс 10 мамырда жарияланады. ЖСҚ дайындауға облыстық бюджеттен бөлінген қаражат – 18 000,0 мың теңге.
Орындалу үстінде
26. Төле би ауылы М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің жанындағы бағдаршамды дауыстағыш бағдаршамға ауыстыру Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Е.Даберов

Төле би ауылы М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің жанындағы бағдаршамды дауыстағыш бағдаршамға ауыстыру үшін ЖСҚ әзірленуде. Аталған жұмыс а.ж. шілде айында аяқталады.Орындалу үстінде.
27. Шу қаласы  Бектенов көшесіне жаңа трансформатор орнату Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Б.Жанкулиев

Шу қаласы Бектенов көшесіне жаңа трансформатор орнатылды.Орындалды.
28. Шу қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептебін күрделі жөндеуден өткізу және  С.Сейфуллин атындағы орта мектепке ішкі дәретхана салу Жыл ішінде Е.АймамбетовК.Қожағаппанова

 

Шу қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептебінің жобалық – сметалық құжаттамасы, 55 800 100 (елу бес миллион сегіз жүз мың бір жүз) теңгеге дайындалды. Мемлекеттік сараптамадан өтті, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес хабарландырылып, нәтижесі тексеру үстінде.Шу қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепке ішкі дәретхана салу жөнінде «Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» басшысына хат жолданып, жұмыстар жүргізілуде..

Орындалу үстінде

29. Шу қаласының сыртында орналасқан екі су ұңғымасын іске қосу. Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Б.Тұрғынбаев

Шу қаласының сыртында орналасқан екі су ұңғымасын іске қосу үшін «Темір жол су-Шу» ЖШС-і айналысуда.Орындалу үстінде
30. Төле би ауылының орталық Төле би көшесі, Шу қаласының Қ.Сәтпаев, С.Шәкіров көшелерін асфальттау Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Б.Тұрғынбаев

Е.Даберов

Төле би ауылына кіре беріс автомобиль жолы Шу қаласының Қ.Сәтпаев, С.Шәкіров көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы 2017 жылы Шу қаласы бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылады.

«Автомобиль жолдарын жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша

— Шу қаласындағы Сатпаев көшесінің 5,7-шқ. жол төселіміне 104345,6 мың теңге қаржыға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

— Шу қаласындағы С.Шакиров  көшесінің 1,3-шқ. жол төселіміне 36999,4 мың теңге қаржыға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Орындалу үстінде

31. Жетісу, Алға, Горгаз, Жайсан, Жанкулиев мөлтек ауданының инфрақұрылымын аяқтау Жыл ішінде Н.ЖақсыбаевЗ.Тұрсынұлы

Б.Тұрғынбаев

 

2016 жылдың қорытындысы бойынша «Жанкулиев», «Горгаз», «Жетісу», «Жайсан» және «Алға» тұрғын алқаптарына 2 қабат жол төселініп, электр бағаналары қойылып және электр сымдары тартылды, сонымен қатар сыртқы жарықтандыруға арналған консольді шамдар орнатылды. Осы нысанның аяқталу мерзімі – 2017 жылдың тамыз айы.Орындалу үстінде

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75