ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

 

ҮЕҰ Дерекқоры жөніндегі мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілер:

  • «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 мәдениет және спорт министрінің бұйрығы.

 

ҮЕҰ Дерекқорына кімдер мәлімет беру керек:

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.

 

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қалай беру керек:

ҮЕҰ мәліметтерді МСМ-нің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген нысанға  (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy) сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың                            31 наурызына дейін:

2017 жылғы 1 наурызға дейін қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады;

– 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ-ның мәліметтерді Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы беруге мүмкіндігі болады. Интернет-порталда Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған ЭЦҚ (ЭЦП) кілті арқылы авторизациядан өтуге болады.

ҮЕҰ-дар Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталына кіргенде порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Пайдаланушылар нұсқаулығымен таныса алады.

Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналады.

 

ҮЕҰ мәліметтер тізілімі сайты http://www.register-ngo.kz әрекетсіз сайт болып табылады.

 

Пошта арқылы ҮЕҰ Дерекқоры үшін мәліметтерді қайда жолдау керек:

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс,  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

«Жедел желі» телефондары: 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47.

Сондай-ақ, ҮЕҰ өз сұрақтарын 74-04-28@mail.ru электрондық мекен-жайға жолдай алады.

 

ҮЕҰ Дерекқорына есеп беру нысандарын толтыру жөніндегі  Әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар ДІАҚМ сайтында орналасқан (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy).  

 

Әкімшілік жауапкершілік:

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексімен ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған  (489-1-бабы: 1-тармақ бойынша – ескерту жасауға; 2-тармақ бойынша – қайталап жасалған әрекеттер үшін – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді).

Соңғы жаңалықтар

IMG_7018 ҚОҒАМ
12.09.2018

Өзекті мәселелерді бақылауға алды БЕЙСЕНБІ КҮНІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША, АРНАЙЫ БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕГЕ САЙ АУДАНЫМЫЗҒА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ ТЕРЛІКБАЕВ ӘЛІБЕК МАМЫТЖАНҰЛЫ КЕЛІП, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (СУРЕТТЕ). «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ӨТКЕН ЖИЫНҒА АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕН ҚҰРАЛҒАН ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ. Төле би ауылдық округінің әкімі Е.Даберов жиынды ашып, облыстан келген қонақты таныстырып, көпшілікті жиынға белсене атсалысуға шақырды. Мұнан кейін сөз кезегін алған Ә.Терлікбаев: -Бүгінгі кездесудің мақсаты – ауылдың тыныс-тіршілігін назарға алып, тұрғындардың мемлекеттік мекемелер басшыларының халықпен байланысы, мекемелердің қызмет сапасы жөніндегі ойларын, оларға қатысты сын-пікірлерін тыңдап, елді мекендегі өзекті мәселелерді жоғарғы билік өкілдеріне жеткізіп, оңынан шешілуіне ықпал ету,-деп атап өтті. Сұрақ-жауап кезеңінде алғашқы болып сөз алған аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің мүшесі М.Шалғынбаев бірнеше уақыттан бері нақты шешімі табылмай келе жатқан көгілдір отынның құнына байланысты ойын ортаға салды. Сондай-ақ, осы сұрақ төңірегінде М.Уақтегі, Н.Бердиев, Ә.Орманов, И.Алиев сынды аға буын өкілдері де пікірлерімен бөлісті. Мысалы, М.Шалғынбай жоғарыдағы билік органдарына 1200-ден астам адамның қолы қойылған хат жіберілсе де, әлі күнге дейін ешбір оң нәтиже жоқтығын айтса, Н.Бердиев өзге аудандарда халықтың көңілінен шықпаған мердігер ұйым ол жерде жұмыс жасамайтындығын, ал бізде «Париев» ЖШС әлі де өз жұмысын жалғастырып отырғандығына ренішін жеткізді. Оның айтуынша, ауыл ішіндегі қалтасы қалың азаматтар көгілдір отынға қосылып, игілігін көруде, ал бір зейнетақыға қарап отырған зейнеткелер мен қаржылық мұршасы жетпейтін өзге де тұрғындар тек арман жетегінде келеді. Сондай-ақ, И.Алиев көгілдір отынға қосылу бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге жеңілдік бар-жоғын сұраса, Ә.Орманов осыдан бірнеше жыл бұрын өз көшесіне орнатылған су құбырларының бірнеше жерден жарылып, әлі күнге дейін су атқылап тұратындықтан, су құбырларын түбегейлі жаңарту, «Аша» тұрғын алқабындағы көше жолына асфальт төсеу қажеттігін, өйткені, кешкі уақытта көшенің шаңынан таза ауамен тыныстауға мүмкіндік жоғын жеткізді. Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Досымбаев Төле би ауылындағы жер асты суының көтерілу мәселесін алға тартып, оның алдын алмаса, жерді қамыс басып, шамамен бес жылдан соң тұрғындар 1000 гектар жерден айырылып қалатындығын айтты. Осы және өзге де ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдаған Әлібек Мамытжанұлы жер асты суының көтерілуі шын мәнінде мәнді мәселе екендігін айтып, алдағы уақытта облыс орталығында өтетін үлкен жиынға Е.Досымбаевты шақырып, мәселенің шешімін табуды сол жерде бірге қарастыратындығын жеткізді. Көше жолын асфальттау бойынша округ әкімі Е.Даберов қанағаттанарлық жауап берсе, Әлібек Мамытжанұлы көгілдір отынға қосылу құнын арзандату яғни, көпшіліктің аузынан түспей жүрген 82 756 теңге жөнінде жан-жақты зерделеп, жақын арада жауабын айтатындығын мәлімдеді. Динара БАТЫРХАИРОВА. Суретті түсірген автор.

Бейсенбі күні облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, арнайы бекітілге...

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75