16.07.2018 ж. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын ауданда ілгерілету мен жүзеге асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар

16.07.2018 ж. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын ауданда ілгерілету мен жүзеге асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар

Өткізілген іс-шаралар:

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын аудан аумағында ілгерілету мақсатында бүгінгі күні желілік кестеге сәйкес 105 іс – шара өткізіліп, 4800  адам қамтылды.

Ал, аудандық деңгейде желілік кестеден тыс 101 іс – шара өткізіліп,   2620  адам қамтылды.

Жалпы бағдарламаны ілгерілету мақсатында 206  іс – шара өткізіліп, 7380 адам қамтылды.

Ақпараттық алаңдағы жұмыс пен медиа ресурс

Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық «Шу өңірі»- «Шуская долина» газеттерінде – 84 материал жарияланды. Оның ішінде: 55 мақала «Рухани жаңғыру» логотипімен, 30 мақала «айдармен» жарияланған,  айдарлар саны – 2.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Рухани жаңғыру» логотипімен  арнайы парақша ашылды.

Интернет-ресурстарына жалпы саны – 137 материал жарияланды. Оның ішінде: Республикалық http://ruh.kz/сайтына – 3, Шу ауданы әкімдігінің ресми сайтында- 55, facebook желісінде- 57, instagram желісінде – 57

Республикалық  «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Елден хабар»  бағдарламасында және облыстық «77TV» мен«Қазақстан – Тараз» телеарналарынында жалпы – 25 материал жарық көрді.

Ауданда мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласына арналған 205 көрнекі ақпарат құралдары (билборд, брэндмауэр) орналастырылған. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде 675 стендтер мен буклеттер орнатылған.

Сондай-ақ, ауданда Шу қаласындағы №40 орта мектепте аудан әкімдігінің білім бөлімінің аудандық «Рухани жаңғыру» кабинеті  және оған қосымша ауданның 13 мектебінде «Рухани жаңғыру» кабинеттері ашылып, жұмыстар жүргізуде. (Атап айтқанда: Т.Әшімбаев мектебі, Жамбыл ауыл, С.Сейфуллин, Төле би қала, Т.Рысқұлов қала, Жібек жолы мектеп лицейі, Ғ.Мұратбаев, С.Мокаренко, М.Әуезов орта мектебі, М.Мақатаев атындағы тірек мектебі, Әл Фараби атындағы орта мектептер)

 

Аудандық  жобалық офис қызметі

 

Аудандық жобалық офис тарапынан 10 жоба әзірленіп, облыстық жобалық офиске сараптама комиссиясының қарауына жолданды.  Оның ішінде  «Тәрбие және білім беру» кіші бағдарламасы аясында 5 жоба, «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында 3 жоба,  «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында 2 жоба әзірленді.

Облыстық сарапшылық комиссияның қарауына жалпы құны 49,0 млн.құрайтын 6 жоба ұсынылды. Оның, 37,615 млн.теңгесі 2018 жылға көзделген.

Атап айтқанда:

  1. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында әзірленген 4 жоба:
  2. «Жас дарын»

2.«Сыршыл өлке соқпақтары»

3.«Ұлы елдің-дарынды ұрпағы»

  1. «Табиғаты тамаша туған өлкем»
  2. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында әзірленген «Киелі Шу өлкесі» жобасы.

III. «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында әзірленген «Әлеуметтік дүкен» жобасы.

Ауданда 3 жоба 2017 жылдан іске асырылуда.

Олар: «Жан жылуы» жобасы бойынша жағдайы төмен отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі мүгедек азаматтар, аз қамтылған, жетім және көп балалы отбасыларына ай сайын 5,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілуде. 2018 жылдың басынан бері 284 тұрмысы төмен отбасыларына, мүгедектер мен жетім балаларға 1420,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

«Сыршыл өлке соқпақтары» туристік жорық  жобасын іске асыру мақсатында дайындық кезеңінде 2017 жылдың қараша айында жұмысшы топ құрылып іс шара жоспары дайындалды. Шу ауданындағы киелі орындардың картасы жасалып, барлық білім беру мекемелерінде орналастырылды. Картада 7 киелі-тарихи орындар белгіленді, оның ішінде «Жайсан ғұрыптық кешені» мен «Баласағұн қалашығы» «Қазақстанның 100 киелі жерлері картасы» жобасына ұсынылған. Аталған жеті бағытта туристік соқпақтар сызбасы дайындалды

Осы жоба аясында туристік саяхатты толық мәнді жүргізу үшін 2018 жылдың наурыз айында 2 миллион 600 мың теңгеге 15 балаға түгелдей туристік құрал жабдықтар сатып алынды. Атап айтсақ: туристік палатка, арнайы жамылғылар, каска, жолдорба, арнайы талапқа сай туристік арқандар,байланыстырғыш құралдар, белдіктер мен бағдар анықтайтын құралдар. Наурыз- мамыр айларында барлығы 511 мектеп оқушылары 1 күндік, 2-3 күндік туристік саяхатқа шықты. Өз өлкесін танып-білу, оқушы бойына еліне деген патриоттық сезім ұялатумақсатында аудандық «Менің Отаным Қазақстан» слеті 19 наурыз күні өткізілді.Слетке 147 оқушы қатыстырылып, бірінші орын алған С.Шакиров мектебінің «Ұлан»тобы арнайы сыйлықтармен марапатталып, екінші облыстық кезеңге жолдама алды. Сонымен қатар, 19-20 сәуір күндері облыстық «Менің Отаным Қазақстан» атты туристік жасақтардың слеті өтті. Іс –шараны жүргізу барысына және қатысушы оқушыларға бағалы сыйлықтар алу үшін 1 миллион 151 мың теңге қаржы жұмсалды.Жоба аясында26 іс-шара өткізілді,  қамтылған адам саны 721.

«Ұлы елдің дарынды ұрпағы» жобасы аясында 2017 жылдың қараша   айынан бастап нақты жұмыс жоспары құрылып, жұмысшы топ жасақталды. 2017-2018 оқу жылы барысында оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру,өнертапқыш дарынды жастарды анықтап, олардың шеберлігін насихаттау мақсатында, әр түрлі байқаулар өткізілді. Атап айтсақ;«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»,  «Жас қолөнершілер байқауы», Техникалық шығармашылыққа арналған макеттер байқауы. «Жас қолөнершілер» байқауының   аудандық іріктеу кезеңі өткізілді. Мектеп оқушыларын барынша  шеберліктерін танытып өз бұйымдарын ұсынды.Байқауға оқушылардың  үздік, ерекше үлгідегі 95 жұмысы ұсынылды.Жеңімпаздары болған және байқауға қатысқан оқушыларғабағалы сыйлықтар мен арнаулы дипломдар табыс етілді. Байқау Төле би ауылы  «Балалар шығармашылық орталығында» өткізілді. Барлығы 28 іс-шара өткізіліп, 468 оқушы қамтылды. Жоба аясында өнерімен ерекшеленген жан-жақты, дарынды, өнертапқыш қабілеттері бар, талантты жастарды қолдау мақсатында арнаулы видео фильм түсіріліп, репортаждар дайындалды. Демеушілер көмегімен бағалы сыйлықтар берілді.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75