Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2017 жылдың I-жартыжылдығында

Шу ауданында орындалуы туралы

АНЫҚТАМА

 

Төле би ауылы                                                                      10.07.2017 ж.

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» № 986 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан  Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 234 қаулысына сәйкес Шу ауданында іс-шаралар жоспары бекітіліп тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің сайтында (Shu.zhambyl.kz) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылып, атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер енгізілуде.

2017 жылдың 6 айында жоспарға сәйкес комиссияның 2 отырысы өткізілді. Аталған комиссияның отырыстарына құқық қорғау органдарының және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысып, атқарған жұмыстарының есептері тыңдалып, бірқатар тапсырмалар берілді.

2017 жылға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға 650 000 теңге қаражат бөлінді. (2016 жылы үкіметтік емес ұйыммен 707 000 теңгеге іс-шаралар жүргізілді)

Аудандағы оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы 21-семинар, 17-лекция 6-дөңгелек үстел, 4-акция, 1-конференция ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталды.

Мемлекеттік қызметшілерді қолданыстағы Заңнамаларды оқыту мақсатында есепті мерзімде 17 құқықтық оқу өткізілді.

Аудандық «Шу өңірі» газетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 10 мақала жарияланып, Шу ауданында сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында 4 билборд орнатылды.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында А4, А3 форматтағы «Пара беру-бас бостандығынан және болашағынан айырады» «Дача взятки-лишает свободы и будущего» тақырыптарында, аудан аумағындағы мемлекеттік органдарда (құқық қорғау органдардың, кірістер басқармасы, ХҚКО ғимараттарына) стенд ілініп, жадынамалар таратылды.

Аталған жадынама қазақ және орыс тілінде аудандық басылымға жарияланды.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, аудан әкімінің өкімімен аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жұмысшы топ құрылған, жұмысшы топ тоқсан сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдердеріне зерделеу жүргізеді.

Шу ауданы әкімі аппаратында сенім телефоны (3-29-91) қызмет етеді. Аталған телефон нөмірі жергілікті «Шу өңірі» газетінде тоқсанына бір рет жарияланып тұруда. Сенім телефонына келіп түсетін мәлімдемелерді тіркеу үшін есепке алу кітабы ашылған. 2017 жылдың 6 айында сенім телефонына шағымдар түскен жоқ.

Есепті мерзімде, статистикалық деректерге сәйкес заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық және олардың құқықтарын өрескел бұзу фактілері жөніндегі арыз-шағымдар келіп түскен жоқ.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау мақсатында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, анықтау мақсатында және уақытылы тиісті шара қолдану үшін аудан әкімімен аптасына бір рет азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылған.

2017 жылдың 6 айында Шу ауданы әкімінің аппараты және аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округтерге жалпы –2052 (2016 ж-348) өтініш-арыздар келіп түскен. Оның ішінде жеке тұлғалардан – 1559 (2016 ж-187), заңды тұлғалардан –493 (2016 ж-161) өтініш келіп түскен.  Өз шешімін тапқандары –694 (2016 ж-699), бас тартқаны – 150 (2016 ж-27), түсініктеме берілгені –908 (2016 ж-814), тоқтатылғаны –68 (2016 ж-27), тиісті мекемелердің қарауына жолданғаны –153 (2016 ж-145), қаралу үстіндегісі -208.

2017 жылдың І жартыжылдығында Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдері 375 (2016 ж-199) азаматты қабылдаған.

Өтініштердің саны өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 192-ге артқан, яғни +10,3%.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру ісіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Шу ауданы әкімінің сайтында /shu.zhambul.kz/ тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың тізімі жарияланған.  Бүгінгі күнге Шу ауданы бойынша  508  азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

         Жыл сайынғы заң актілерімен белгіленген 31 наурызға дейін, аудан әкімі аппараты  және аудан әкімдігінің бөлімдерімен, Шу қаласы және 18 ауылдық округтерінің барлық қызметкерлерімен заңнамаларға сәйкес жеке табысы туралы декларацияларын уақтылы тапсырылуы мен ондағы көрсетілген мәліметтердің толық болуына басты назар аударылды. «Өзіңнен баста» акциясына қатысып, лауазымды тұлғалардың табысы жергілікті басылым «Шу өңірі» газетіне жариялануда.

2017 жылдың 6 айында мемлекеттік қызметшіге қатысты теріс қылық әрекеттері тіркелген жоқ. (2016 жылдың 6 айында теріс қылық әрекеттері:

  1. Сейдахметов Самат Бектібайұлы – аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы субсидиялар төлеу тәртiбiн бұзып, шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50 бабының 1 тармағының 4-тармақшасына және 44 бабының 6 тармағына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша департаменті, Әдеп жөніндегі кеңестің 2016 жылғы 06 маусымдағы №3-4/17 шешімінің негізінде аудан әкімінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №223-ө н/қ өкімімен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді,

2.Айнақұлова Ұлжан Рүстемқызы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі  тұрғын үй көмегі тағайындалған азаматтардың дербес шотына аударылатын қаражаттың жалпы 19 855 000 теңгесін қызмет көрсеткен заңды тұлғалардың шотына негізсіз аударғаны үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50 бабының 1 тармағының 4-5 тармақшаларына және 44 бабының 6 тармағына сәйкес, Шу ауданы әкімі жанындағы біріңғай тәртіптік комиссияның 2016 жылғы 31 тамыздағы №2 хаттамасының негізінде бөлім басшысының 2016 жылғы 1 қыркүйектегі №244-ж/қ бұйрығымен қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді)

2017 жылдың 6 айында 1-қылмыстық іс тіркелген: «Техникалық шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры Дариға Сейтжанқызына ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабының 3 бөлігінің 2 тармақшасымен қылмыстық іс қозғалған (қызмет бабын пайдалануымен жасаған алаяқтық, келмеген қызметкерлердің табельдеріне келді деген белгі қою арқылы, ақшаларын қолма қол алуды жүзеге асырған) қылмыстық іс Шу аудандық сотында қаралу барысында (2016 жылдың 1 тоқсанында 2 қылмыстық іс  тіркелген. 1) Б. Сабралиев -№49 орта мектебінің директоры,  2) С.Сейдахметов – Шу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысына арыздар бойынша қылмыстық іс қозғалған, кейіннен  қылмыстық істер қысқартылған)

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (72638) 3 10 75