Тұрғындармен кездесті

18 Сентябрь 2017

Тұрғындармен кездесті

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Тұрсынбай Нұрғалиұлы Халық Алға ауылдық округінің Сауытбек ауылы тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды . Бұл кездесу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру және Елбасының биылғы Жолдауында көрсетілген тапсырмалардың ауыл ішінде орындалу барысын бақылау мақсатында ұйымдастырылды.

Қоғамда әлі күнге тұтанған оты басылмай тұрған сыбайлас жемқорлық мәселесі тіпті кез келген жерде орын алып отырғаны үлкенге де, кішіге де аян. Сондықтан осы уақытқа дейін «Сыбайлас жемқорлықпен күресу қажет» деген түсінік басты идеологиялық құжатымыз — “Қазақстан -2050» Стратегиясында көрсетілгендей, «Сыбайлас жем-қорлыққа қарсы іс-қимыл» деп өзгертілген. Мұндағы айырмашылық ендігі кезекте сыбайластық әрекетке жол берген тұлғаны тек анықтап, оны жауапкершілікке тартып қана қоймай, жалпы сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, оның алдын алуды жүзеге асыруға бетбұрыс жасау.

Жиын барысында ауылдық округ әкімі Ербол Қосақов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Кеңес төрағасы ауылдық клубқа жиналған тұрғындармен кездесуінде әлемге қауіп төндіріп отырған кеселді дертке қарсы тұрып, сыбайлас жемқорлықтық әрекет орын алған жағдайда дереу түрде тиісті органдарға хабарлау қажеттігін түсіндірді.

Бұдан бөлек, Тұрсынбай Нұрғалиұлы облыстық мәслихат депутаты ретінде ауыл тұрғындарының назы мен ауыл ішіндегі бірқатар мәселелерді тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Балнұр ЖЕКСЕНБЕКҚЫЗЫ

Последние новости

Телефон приемной

8 (72638) 3 10 75