Туған жердің тұлғасы

рухани
2 Февраль 2018

Туған жердің тұлғасы

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа Бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жерге тағзым» идеясы туындағаны баршаға белгілі. Туған жер мен туған ел  біртұтас, егіз ұғым.

Туған жердің қасиетті құндылығын жастарға тереңірек ұғындыру мақсатында  Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен, Елбасы мақаласындағы «100 жаңа есім» жобасы аясында «Туған жердің тұлғасы» атты кездесу өтті. Оған ҚР мәдениет қайраткері, айтыскер ақын Базарбай Мамытұлы Асқаров, мұғалімдер, аталмыш мектептің жоғары сынып оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты — тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен адамдардың тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табатынын көрсету. Сонымен қатар, ақылымен, дарынымен елге танымал болған атпал азаматты қоғамға таныта білу.

Басқосуды ашқан  мектеп қызметкері М.Сахметова  Мемлекет басшысы биыл үш бірдей жаңа бастама көтеріп, даму жолымызды жан-жақты айқындап, бағдарлап бергенін, рухани жаңғыруға жол ашып отырғанын айта келе, бұл бағдарлама ұлтымыз үшін маңызы терең, өнегесі мол болатын айтулы дүние екенін жан-жақты әңгімеледі.

Мұнан кейін, Б.Асқартегі бағдарламалық құжатта  айтылған басты бағыт «100 жаңа есім» жайлы айта келе, өнегелі өсиетімен бөлісті. Ол өз сөзінде:

— Ең бастысы, адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, мамандығын дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс — табыс биігіне жеткізетін қанат. Егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болу өз қолымызда екені даусыз,-деді.

Кездесу барысында оқушылар Елбасы мақаласы туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, Б.Мамытұлына көкейлеріндегі  сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.

Тәуелсіз еліміздің XXI ғасырдағы рухани даму жолын жан-жақты да, терең талдап көрсеткен бағдарламалық мақала аясында өткен шара да рухани әңгімелерге толы болды.

Алтынай ТҰРСЫНҚЫЗЫ.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені,  сайы мен қыры тұнып тұрған тарих.  Осындай тарихи өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған, біртуар перзенттер бар. Ал олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал.  Осы мақсатта «Жібек жолы мектеп-лицейінде» кітапхана меңгерушісі Г.Атабаева мен «Мәдени мұра» үйірмесінің жетекшісі Р.Бектібаева ҚР мәдениет қайраткері,  айтыскер ақын әрі Аяз Бетбаевтың шәкірті Асқартегі Базарбай Мамытұлымен кездесу кешін өткізді (суретте).

лицейге с

Кешке мектептің  9-11 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Кеш барысында оқушыларға айтыскер ағаның өмір жолынан қысқаша мәліметтер беріліп, әннен шашу шашылып, күмбірлеген күй орындалып, мың бұралған биші қыздар көрермендердің көңілінен шыға білді.

Жастарға тәлім-тәрбие беру мақсатында Б.Мамытұлы  айтыс жайында біраз мәлімет беріп, өзінің Ә.Жанқұлиевпен, А.Бетбаевпен айтысқан кездегі айтыстарынан үзінділер орындады. Ана тақырыбында да сөз қозғап, өзінің анасына арнап жазған «Жолдайын сәлем жүректен», «Аналарым-ай» әндерімен қоса,  «Шудың бойы киелі» өлеңін орындап, көрермендерді өз өнерімен сусындатты. Ашық  микрофон айдарында ұстаздар мен оқушылар өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ақын жайлы біраз мәліметтермен танысты.

Кеш соңында Базарбай Мамытұлы мектеп мұғалімдеріне өзінің арнауын арнап, «Өлеңмен өрнектелген өмір» атты кітабын табыс етті. Ал, 8 сынып оқушысы Амантай Шыңғыс ақынның ақ батасын алды.

 

К. Жиренбаева,

«Жібек жолы мектеп-лицейінің» қазақ тілі мен әдебиет

пәні мұғалімі.

Последние новости

Телефон приемной

8 (72638) 3 10 75