Зейнетақы және әлеуметтік заңнамасына 2018 жылдан бастап енгізілетін өзгерістер.

egov-580x260
8 Декабрь 2017

Зейнетақы және әлеуметтік заңнамасына 2018 жылдан бастап енгізілетін өзгерістер.

    Зейнетақы және әлеуметтік заңнамасына 2018 жылдан бастап енгізілетін өзгерістер.                      

    Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» идеясы мен  халыққа Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында: Әлеуметтік-еңбек саласын жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асыру жөнінде кеңестер өткізіліп, 3-реформаға негізделе отырып, Зейнетақы тағайындау мөлшерінің өсуі мен аз қамтылған отбасыларға шартсыз және шартты түрде берілетін жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмектің енгізілуі.

1.Әйелдердің зейнет жасын ұлғайту 2018 жылмен 2027 жыл аралығында жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдардың, меншік нысандарына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздануы «ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес іске асырылады. «2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап» енгізілгелі отырған зейнет жасын кезең-кезеңмен жоғарылату жүйесі зейнетақы жинақтарын да ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл жүйе жыл сайын 6 айға ұлғая отырып, 2018 жылдан 2027 жылға дейін 10 жыл қатарынан аталған Заңға сәйкес, зейнет жасы әйел азаматтарына төменде көрсетілген кезең бойынша жүзеге асырылатынын хабарлаймыз:

Жыл Зейнет жас Туған күні
1 қаңтар2018 58 жыл 6 ай 1 қаңтар 1960жыл мен 30 маусым 1960 жыл
1қаңтар 2019 59 жыл 1 шілде 1960жыл мен 31 желтоқсан 1960 жыл
1 қаңтар2020 59 жыл 6 ай 1 қаңтар 1961жыл мен 30 маусым 1961 жыл
1 қаңтар2021 60 жыл 1 шілде 1961жыл мен 31 желтоқсан1961 жыл
1 қаңтар2022 60 жыл 6 ай 1 қаңтар 1962жыл мен 30 маусым 1962 жыл
1 қаңтар2023 61 жыл 1 шілде 1962жыл мен 31 желтоқсан 1962 жыл
1 қаңтар2024 61 жыл 6 ай 1 қаңтар 1963жыл мен 30 маусым 1963 жыл
1 қаңтар2025 62 жыл 1 шілде 1963жыл мен 31 желтоқсан 1963 жыл
1 қаңтар2026 62 жыл 6 ай 1 қаңтар 1964жыл мен 30 маусым 1964 жыл
1 қаңтар2027 63жыл 1шілде 1964жыл мен 31 желтоқсан 1964 жыл

 

2.Базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгерту. «2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет басшысының тапсырмасына сай, ынтымақты зейнетақы 8 пайызға өседі. Базалық зейнетақы, басқа да жәрдемақы түрлері сияқты, 6 пайызға көбейеді. Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне ынтымақты жүйесінде істеп шыққан өтілін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналар аударылған кезеңін қосып есептейді.Егер азаматтың еңбек өтілі 10жылдан аз немесе еңбек өтілі мүлдем болмаса онда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды.Базалық зейнетақы мөлшері 10 жылдан артық әрбір жыл үшін  2%-ға ұлғайтылады және қатысу өтілі 33 жыл немесе одан көп болған жағдайда ол күнкөріс деңгейінің 100% құрайды.Бұл өзгерістер бір жағынан, еңбек өтілі көп болғанымен, табыстары туралы мәліметтердің болмауы себепті төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге қатысты әлеуметтік әділдік орнатуға, екінші жағынан бүгінгі және болашақ қызметкерлер буынын еңбек қатынастарын заңдастыруды ықпалдастыру үшін мүмкіндік береді.

3.Әлеуметтік жүйесін жаңғырту бойынша. Жаңа жылдан бастап төленетін АӘК  — жаңа үлгіге енгізілуіне байланысты, күнкөрісі төмен отбасыларға(азаматтарға) балалар жәрдемақысы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы секілді 3 әлеуметтік төлемнің орнына Бірыңғай жәрдемақы түрінде түрленіп төленеді. Ең басты ескеретін жайт, жаңа АӘК мөлшері жоғарыда аталған 3 түрлі жәрдемақының жалпы сомасынан жоғары болады. Сондықтан, жаңа АӘК тек қана қаржылай жәрдемақы ғана емес, кедейлік деңгейінен шығудың кешенді шарасы болмақ. Жәрдемақының қолжетімділігі мен бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында жәрдемақыны бір терезе жүйесімен Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүргізу ұсынылады.

«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы»

департаментінің Шу аудандық бөлімі

НR менеджері Ж.Х Бөкен

Последние новости

Телефон приемной

8 (72638) 3 10 75