Жұмыс жүйелі жүргізілуде

15 Сентябрь 2017

Жұмыс жүйелі жүргізілуде

Елбасы Н.Назарбаев айтқандай рухани мәселелер ең бірінші орында тұруы қажет. Себебі, халық рухының бүтіндігі, халықтың жоғын тауып беру бұл мәңгілік мәселе. Міне, осы мәселеге Елбасы нақты тоқталып, өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында негізгі проблемаларды және оларды қалай өзгерту керектігін айтып берді. Біздегі міндет болашағымыздың бағдарын айқындаған бағытты жас ұрпаққа түсіндіру, насихаттау болып табылады.

Осы мақсатта және Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында түрлі деңгейде шаралар ұйымдастырылып келеді. Осы күнге дейін аудандағы білім беру мекемелерінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында «Рухани жаңғыру: жастар, қоғам, болашақ», «Рухани жаңғырудың жарқын жолы», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  тақырыптарында дөңгелек үстел отырыстары өткізілді. Маңызды мақаланы насихаттау үшін ардагерлер мен жастар арасында келелі кездесулер ұйымдастырылып, жастарға аға ұрпақ өкілдері әсерлі әңгімелер жүргізді.

Мақаланы талқылау барысында және ардагерлер мен жастардың кездесуі кезінде жастардың түйсікке түйгендері, санаға сақтағандары көп болды деп ойлаймын. Себебі, өткен мен бүгінгі күн жайлы көп айтылған кездесулерде жастар өздеріне мемлекет тарапынан жан-жақты жағдай жасалынып жатқандығын түсініп, болашақтарының жарқын екендігіне көз жеткізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын таба бермек. Сонымен қатар, үстіміздегі аптаның басында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты автокеруен ауылдық округтерді аралап, түрлі сала мамандары ауыл жастарын толғандырған сұрақтарға жауап беруде.

Ұлт көшбасшысы «Ел ертеңі — жастар» деп үнемі айтып қана қоймай, үкілі үміт пен мол сенім артып келеді. Расында кейінгі ұрпақтың келешегіне еш кедергі жоқ. Мұның бәрі еліміз — Қазақстанның жарқын болашағы үшін. Біз де жастарды қолдау, оларды елдің белсенді азаматы болуларына ықпал ету бағытында аянбай еңбек ете беретін боламыз.

Айнұр  Рахымбаева,

аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» директоры.

 

Последние новости

Телефон приемной

8 (72638) 3 10 75