Отчетные встречи акима Шуского района перед населением

Отчетные встречи акима Шуского района перед населением

Аудан әкімдігінің

2017 жылғы 23 ақпандағы

№ 42 қаулысымен бекітілген

 

 

          Аудан әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған

ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Іс-шараның атауы Мерзімі Жауаптылар Орындалуы туралы ақпарат
1. Ақсу ауылындағы Қарабалта өзеніне көпір салу мүмкіндігін қарастыру үшін Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Н.Шимашев

Қарабалта өзеніне көпір салу үшін қаражат бөлуге аудандық бюджеттік комиссияға ұсыныс енгізіліп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Орындалу үстінде

2. Оразалы батыр ауылына ауыз-су жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамасын дайындау Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

С.Сәрсенбеков

Оразалы батыр ауылына ауыз су жүргізу үшін «КИП» ЖШС  мемлекеттік экспертизаға өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Орындалу үстінде

3. Көкқайнар ауылына фельдшерлік пункт салу үшін жобалық сметалық құжаттамасын дайындау

 

Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

Е.Аймамбетов

А.Мұқатаев

 

Көкқайнар ауылына 10 келушіге арналған фельдшерлік – акушерлік пункт салу үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға өткізілді. Қорытындысын күтуде.

Орындалу үстінде

4. Көкқайнар ауылындағы С.Естемесов атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттамасын дайындау Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

Е.Аймамбетов

С.Сәрсенбеков

М.Базарова

Т.Итекеев

Көкқайнар ауылындағы С. Естемесов атындағы орта мектебінің ғимаратында жапсарлас орналасқан қазандықты қауіпсіз аймаққа  шығару қажеттігіне байланысты ЖБ-тен  бөлінген 16млн. 499мың теңгеге «Модульдік қазандық» алынды. Мердігер «Айна Grоup», газ және тас көмір пештерін орналастырып, контейнері қойылды. Қазандықтарын байланыстыру жұмыстары жүргізілуде. Төбесі (навес) жабылды.  Жылу трассасын жүргізуге ЖСҚ әзірленіп,  жұмыстар жүргізілді.

Орындалды.

5. Белбасар ауылының Е.Бекқожаев және Х.Сауранбаев көшелердегі жер асты су құбырларын ауыстыру мүмкіндігін қарастыру. Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Т.Райымқұл

Ж.Рысмендеев

Аталған көшелерге жер асты су құбырларын қайта жаңғырту үшін 30,0 млн теңге қаржыға ЖСҚ әзірленген. Қаржы бөлу мәселесі қаралуда. 2018 жылға қаражат бөлу  жоспарлануда.

Орындалу үстінде

6. Белбасар ауылының Е.Бекқожаев көшесіне асфальт төсеу мүмкіндігін қарастыру Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Ж.Рысмендеев

Белбасар ауылының Бекқожаев көшесіне орташа жөндеуге қаржы 2018 жылға қаражат қарастырылуда.

Орындалу үстінде

7. Жаңа жол мен Бірлікүстем ауылдарына баратын айырма жолға жол белгісін қою мүмкіндігін қарастыру Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Жаңа жол мен Бірлікүстем ауылдарына баратын айырма жолға жол белгісі ағымдағы жылдың қазан айында орнатылды.

Орындалды.

8. Жаңа жол ауылындағы И.Мамедгасанов көшесінің жолын жөндеу мүмкіндігін қарастыру Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Ж.Тажиев

Жаңажол ауылының Мамедгасанов көшесіне орташа жөндеу үшін қаржы бөлу жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға сұраныс енгізілді. Жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, 2018 жылға қаражат бөлу  жоспарлануда.

Орындалу үстінде.

9. Бірлікүстем ауылынан спорт мектебін ашуға жобалық сметалық құжаттамасын дайындау Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

Е.Аймамбетов

С.Сәрсенбеков

М.Мауленов

Спорт мектебін ашуға жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, 2018 жылға қаражат бөлу  жоспарлануда.

Орындалу үстінде

10. Қонаев ауылы Байтұрсынов көшесінің жолын жөндеу Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Ж.Бахтияров

Қонаев ауылының Байтұрсынов көшесіне орташа жөндеу үшін қаржы бөлу жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға сұраныс енгізілді. Жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, қаражат бөлу қарастырылуда.

Орындалу үстінде

11. Далақайнар ауылындағы Т.Әшімбаев атындағы орта мектептің жапсарлас спорт залы, акт залы және асхана құрылысы үшін жобалық сметалық құжаттамасын дайындау Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

Е.Аймамбетов

С.Сәрсенбеков

М.Базарова

Далақайнар ауылы Т.Әшімбаев атындағы орта мектепке жапсарлас спортзал, мәжіліс залы, асхана құрылысына жобалық – сметалық құжаттама дайындауға жергілікті бюджеттен 10 000,0 мың теңге бөлінді. Мердігер, «Лидер Проект Дизайн» ЖШС арқылы әзірленіп жатыр. Қазан айында мем сараптамаға жіберілді. Желтоқсан айынының 20-на дейін толқытай аяқталатын болады.

Орындалу үстінде

12. Көктөбе ауылының ауыз су құбырларын пластикалық құбырлармен ауыстыру Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Т.Райымқұл

Көктөбе ауылындағы ауыз су құбырларын пластикалық құбырлармен ауыстыру үшін ЖСҚ әзірлеу үшін қаржы бөлуге сұраныс берілді.

Орындалу үстінде

13. Балуан Шолақ ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге жобалық сметалық құжаттамасын жасау Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

Е.Аймамбетов

К.Қожағаппанова

С.Сәрсенбеков

Балуан Шолақ ауылындағы мәдениет үйіне орташа жөндеу жұмыстарына 3млн, 400 мың тг бөлінген. Қазіргі таңда мемлекеттік актісі заңдастырылу үстінде. Орындалу үстінде
14. Дулат ауылдық округіне фельдшерлік пункт салу үшін жобалық сметалық құжаттамасын дайындау Жыл ішінде Е.Аймамбетов

А.Мұқатаев

Дулат ауылдық округіне 10 келушіге арналған фельдшерлік – акушерлік пункт салу үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға өткізілді. Қорытындысын күтуде.

Орындалу үстінде

15. Бірлік ауылы Центральная көшесінің асфальтталмай қалған бөлігін  аяқтауға қаржы қарастыру Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Б.Төлендиев

Бірлік ауылының Центральная көшесінің қалған бөлігіне орташа жөндеу үшін 2018 жылға қаражат бөлу  жоспарлануда.

Орындалу үстінде

16. Ақтөбе ауылының электр желілеріне түгендеу жасап, тозығы жеткен желілерді анықтап, ауыстыру Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Б.Жанкулиев

Ақтөбе ауылының электр желілерінің тозығы жеткен сымдары анықталып, желілер ауыстырылды және бағаналар жаңартылды.

Орындалды.

17. Мойынқұм ауылының Төле би, С.Шәкіров көшелерінің жартысына асфальт төсеу мүмкіндігін қарастыру Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Е.Анатаев

Мойынқұм ауылының Шәкіров көшесіне 0,85 шақырым жолға  18 млн тг орташа жөндеу жұмыстарын (Атырау Ж.Б.И) мердігер жүргізіп, 31 қазанда пайдалануға берілді.

Орындалды.

18. Абай ауылының ауыз су құбырларын ауыстыру Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Т.Райымқұл

Абай ауылындағы 500 м ауыз су құбырлары ауыстырылды.

Орындалды.

19. Абай ауылына кіреберіс жолды аяқтау Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Абай ауылына кіре беріс автомобиль жолы пайдалануға берілді.

Орындалды

20. Тасөткел ауылының Абай көшесіндегі бітпей қалған 270 м  жолды асфальттау мүмкіндігін қарастыру Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Б.Жаксымбетов

Тасөткел ауылындағы Абай көшесінің 270 метріне сметалық құжат дайындалып, 2018  жылға қаражат бөлу жоспарлануда.

Орындалу үстінде

21. Тасөткел ауылындағы Т.Рысқұлов орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық — сметалық құжаттамасын дайындау Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

Е.Аймамбетов

С.Сәрсенбеков

М.Базарова

Тасөткел ауылындағы Т.Рысқұлов орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық — сметалық құжаттамасы дайындалуда. ЖСҚ-на                        6 млн.800 мың тг бөлінді. Қазан айында мемлекеттік сараптамаға өткізу жоспарлануда.

Орындалу үстінде

 

22. Алға ауылына жаңа мектеп салу үшін Амангелді атындағы орта мектебінің сейсмикалық жағдайын анықтау Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

Е.Аймамбетов

С.Сәрсенбеков

М.Базарова

Алға ауылына жаңа мектеп салу үшін «Амангелді» атындағы орта мектебінің сейсмикалық жағдайын анықтау «Анко Тараз» ЖШС арқылы жүзеге асырылды. Қорытынды бойынша мектеп апатты жағдайда деп танылды.

Орындалды.

23. Алға ауылы, Шымырқұл және Сауытбек ауылындағы Несіпбай көшелерін асфальт төсеу мүмкіндігін қарастыру Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Е.Қосахов

Алға ауылының Шымырқұл көшесі мен Сауытбек ауылындағы Несіпбай көшесіне «РЗДИ Құрылыс» ЖШС  орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылдың 31 қазанда аяқталды.

Орындалды.

24. Төле би ауылының С.Шакиров көшесі №128 көп қабатты үйден Жамбыл көшесіне дейінгі бөлігін жарықтандыру Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Е.Даберов

Төле би ауылы Шәкіров көшесіне жарықтандыру шамдары орнатылды.
Орындалды.
25. Шу қаласы, Алға, Төле би ауылдарынан жеке меншік тұрғын-үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін беруге арналған алқаптарға инфрақұрылым жүргізуге жобалық сметалық құжаттамасын жасау Жыл ішінде Ә.Балқыбеков

Н.Жақсыбаев

Е.Даберов

З.Тұрсынұлы

Шу қаласы бойынша 258,7 га/1330 жер телімі, Төле би ауылы бойынша-147,73га/ 656 жер телімі, Алға ауылы бойынша -25 га/150 жер телімінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы  «Табыс-Жоба» ЖШС-ымен әзірленіп, қабылданып алынды. Осы аталған аумақтарға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындауға жергілікті бюджеттен 18 000,0 мың теңге қаражат бөлініп, қазіргі таңда Шу қаласы бойынша «Табыс-Жоба» ЖШС-ымен, ал Төле би және Алға ауылдары бойынша «АлмазСтройПроект» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды. Қазан айында сметалық құжаттамасы дайындалып, мем сараптамаға өткізілді.
Орындалу үстінде
26. Төле би ауылы М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің жанындағы бағдаршамды дауыстағыш бағдаршамға ауыстыру Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Е.Даберов

Төле би ауылы М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің жанындағы бағдаршамды заманауи бағдаршамға ауыстырылды.

Орындалды.

27. Шу қаласы  Бектенов көшесіне жаңа трансформатор орнату Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Б.Жанкулиев

Шу қаласы Бектенов көшесіне жаңа трансформатор орнатылды.

Орындалды.

28. Шу қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептебін күрделі жөндеуден өткізу және  С.Сейфуллин атындағы орта мектепке ішкі дәретхана салу. Жыл ішінде Е.Аймамбетов

М.Базарова

 

Шу қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебіне 48 млн 723 мың тг бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шу қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепке ішкі дәретхана салу және күрделі жөндеу жұмыстарының ЖСҚ-на 6,900 мың тг қаралды. 2018 күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.  Орындалу үстінде

29. Шу қаласының сыртында орналасқан екі су ұңғымасын іске қосу. Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Б.Тұрғынбаев

«Шу қаласындағы «Жайсан» тұрғын үй алқабы 35/10 кВ ҚС-ның жұмыстары толық аяқталмағандықтан екі су ұңғымасын іске қосу жұмыстары қазіргі таңда тоқтап тұр. Нысан аяқталғаннан кейін тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Орындалу үстінде

30. Төле би ауылының орталық Төле би көшесі, Шу қаласының Қ.Сәтпаев, С.Шәкіров көшелерін асфальттау Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Б.Тұрғынбаев

Е.Даберов

Төле би ауылан кіре беріс автомобиль жолы Шу қаласының С.Шәкіров көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. -Шу қаласындағы Сатпаев көшесінің 5,7-шқ. жол төселіміне 104345,6 мың теңге қаржыға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Орындалды.

31. Жетісу, Алға, Горгаз, Жайсан, Жанкулиев мөлтек ауданының инфрақұрылымын аяқтау Жыл ішінде Н.Жақсыбаев

З.Тұрсынұлы

Б.Тұрғынбаев

 

Шу ауданында 2016 жылы Шу қаласының  «Жанкулиев», «Горгаз», «Жайсан», «Жетісу», «Алға» жаңа тұрғын алқаптарын инфрақұрылым желілерімен (көшелер және электр тарту) қамтамасыз ету жұмыстары басталып, ағымдағы жылдың 25 тамызында аяқталды. Қазіргі таңда жобада ВЛ 10 кВ электр желілері қарастырылмағандықтан, пайдаланылып жатқан ВЛ 10 кВ желілеріне уақытша қосу жұмыстары жүргізілді. Орындалды.

 

 

Последние новости

Телефон приемной

8 (72638) 3 10 75