Шу аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аудандық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

Шу аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аудандық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

Шу аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл                         мәселелері бойынша аудандық комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

Төле би ауылы                          №4                      29 желтоқсан 2016 жыл

           Төрағалық еткен:  Р. Дәулет – аудан әкімі, комиссия төрағасы

          

            Қатысқандар: Е.Аймамбетов, Е.Өмірәлиев, С.Бастаубаева, Ж.Бердіқұлов, Б.Рахметов, Ш.Жапабаев, М.Саулебаев, Э.Асқарова, С.Ермекұлы, Г.Қалтаева, Қ.Байжұман, Р.Аманғазиева

           Шақырылғандар: қала, ауыл, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары (тізім бойынша)

КҮН  ТӘРТІБІ:

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2016 жылдың 11 айында Шу ауданында орындалуы туралы.

Хабарламашы:

  1. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмысы және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесінің басшысы Р.Аманғазиева

 Есеп беруші:

1.Аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы М.Жүнісалиев

2.Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы

А.Ошанов

  1. Жаңажол ауылдық округінің әкімі Ж.Тажиев
  2. Бірлік ауылдық округінің әкімі Б.Толендиев

Күн тәртібі бойынша мәселелерді талқылау нәтижесі бойынша аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмысы және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесінің басшысы Р.Аманғазиеваның, аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы М.Жүнісалиевтың, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы А.Ошановтың, Жаңажол ауылдық округінің әкімі Ж.Тажиевтың, Бірлік ауылдық округінің әкімі Б.Толендиевтың хабарламалары назарға алынсын.
  2. Шу қаласы және ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және аумақтық мемлекеттік органдардың басшыларына (келісім бойынша):

 —  қызметкерлер арасында заңнамалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, олардың сана сезімін жемқорлықтан алшақтату мақсатында семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл  жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;

   -орын алған сыбайлас жемқорлық көріністеріне талдау жасап, оның себептерін анықтап, алдағы уақытта болдырмау мақсатында шаралар қабылдау;

— сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселелерінде  Қоғамдық кеңеспен, өзге де қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауды күшейтсін;

        — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деңгейін анықтау мақсатында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау тапсырылсын.

  1. Шу аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) және жергілікті полиция қызметі:

           —қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелерін тұрақты бақылауға алу;

           -сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралардың ашықтығын, ішкі істер бөлімі және жергілікті полиция қызметі қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қабылданған шаралар жөнінде БАҚ-та жариялауды қамтамасыз ету ұсынылады.

  1. Комиссияның 2017 жылғы 1 тоқсанға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
  2. Осы хаттаманың орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесіне жүктелсін.

 

 

         Аудан әкімі                                                                                                                      Р. Дәулет

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2016 жылдың 12 айында

Шу ауданында орындалуы туралы

АНЫҚТАМА

 

Төле би ауылы                                                                    25.01.2017 ж.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» № 986 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан  Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 234 қаулысына сәйкес іс-шаралар жоспары бекітіліп тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2016 жылдың 12 айында комиссияның 4 отырысы өткізілді. Аталған комиссияның отырыстарына құқық қорғау органдарының және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысып, атқарған жұмыстарының есептері тыңдалып, бірқатар тапсырма берілді.

Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске аудандағы үкіметтік емес ұйымдарына әлеуметтік жоба аясында «Қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбында 2016 жылы 1млн теңге қаражат бөлінді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі жеңімпаз болып, мемлекеттік сатып алу тәсілімен 707 000 теңгеге жұмыстар жүргізуде.

2016 жылдың 29 қыркүйегінде «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының  Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің  Шу ауданы тұрғындары арасында  «Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кешенді іс – шаралар» жоспарына және «Нұр Отан» партиясының «Жемқорлықсыз ел — гүлденген ел» партиялық жобасына  сәйкес С.Сейфуллин атындағы  орта мектепте «дөңгелек үстел» отырысы болып өтті. Аталған іс – шараға «Нұр Отан» партиясы Шу аудандық филиалының қызметкерлері, С.Сейфуллин орта мектебінің ұжымы мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

Ағымдағы жылдың 4 қазанында Құқық және бизнес колледжінде «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен  Шу ауданы тұрғындарының арасында  «Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кешенді іс – шаралар» жоспарына және «Нұр Отан» партиясының «Жемқорлықсыз ел — гүлденген ел» партиялық жобасы аясында   «Жемқорлыққа жол жоқ» атты конференция  болып өтті. Аталған іс – шараға «Нұр Отан» партиясы  Шу аудандық филиалының қызметкерлері, білімгерлер, және БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған іс-шаралардың соңында, жиналған қауымға «Сыбайлас жемқорлықтың негізгі ұғымдары мен белгілері» атты кітапшалар таратылды.

Аудандағы оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы 17-семинар, 9 лекция, 4-дөңгелек үстел, 4-акция, 2-конференция ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталды.

Есепті мерзімде 12 құқықтық оқу өткізіліп, оған мемлекеттік қызметкерлер қатысып, өзара пікір алысулар ұйымдастырылды. Құқықтық оқуда Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» № 416, 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410, 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» № 414, 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» № 153 Жарлығы және басқа да жаңа Заңдарға түсіндірме сабақтары жүргізілді.

Аудандық «Шу өңірі» газетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 17 мақала жарияланып, Шу ауданының 4 ауылдық округтерінде сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында билбордтар орнатылды. 4 билбордтарға бөлінген қаражат 60 мың теңге.

Шу ауданы әкімі аппаратында сенім телефоны (3-29-91) қызмет етеді. Аталған телефон нөмірі жергілікті «Шу өңірі» газетінде тоқсанына бір рет жарияланып тұруда. Сенім телефонына келіп түсетін мәлімдемелерді тіркеу үшін есепке алу кітабы жүргізілуде. 2016 жылдың 12 айында сенім телефонына  2 шағым (Шу қаласы тұрғынынан Телпенов және Қонаев көшелерінде жарық өшуіне байланысты)  түсті. Шағымдар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Есепті мерзімде, статистикалық деректерге сәйкес заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық және олардың құқықтарын өрескел бұзу фактілері жөніндегі арыз-шағымдар келіп түспеген.

Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің сайтында (Shu.zhambyl.kz) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылып, атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер енгізілуде.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау мақсатында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, анықтау мақсатында және уақытылы тиісті шара қолдану үшін аудан әкімімен аптасына бір рет азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылған.

2016 жылдың 12 айында Шу ауданы әкімінің аппараты және ауданы әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округтерге жалпы —4183 өтініш-арыздар келіп түскен. Оның ішінде жеке тұлғалардан — 3223, заңды тұлғалардан —960 өтініш келіп түскен.  Өз шешімін тапқандары —1701, бас тартқаны — 165, түсініктеме берілгені —1876, тоқтатылғаны —120, тиісті мекемелердің қарауына жолданғаны —316, қаралу үстіндегісі —87

2016 жылдың 12 айында- 808 жеке қабылдау жүргізілген, оның  169—  аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтар, Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдерінің, аудан әкімдігінің бөлім басшыларының жеке қабылдауы —639

Арыздарды қарау барысында мерзімін кешіктірген 19 факті бойынша 19 тұлғаға (ветеринария бөлімінің бас маманы М.Сырымбетовке тәртіптік жаза-ескерту, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс  маманы Ч.Кусаиноваға, ауыл шаруашылығы бөлімінің іс-жүргізушісі А.Сулеймановаға т.б мамандарға ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабының 6 тармағына сәйкес бөлімдерге жолданған өтініштерді  мерзімінде  тіркеуге алмағаны үшін) тәртіптік жаза берілді.

         Жыл сайынғы заң актілерімен белгіленген 31 наурызға дейін, аудан әкімі аппараты  және аудан әкімдігінің бөлімдерімен, Шу қаласы және 18 ауылдық округтерінің барлық қызметкерлерімен заңнамаларға сәйкес жеке табысы туралы декларацияларын уақтылы тапсырылуы мен ондағы көрсетілген мәліметтердің толық болуына басты назар аударды.

Былтырғы жылдың есепті көрсеткішімен биылғы жылды салыстырғанда сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстар төмендеді.

2016 жылы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылдануына байланысты, бұрынғы Заңның күші жойылып, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтар қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар нормаларына қамтылды.

2016 жылдың 12 айында 2 мемлекеттік қызметшіге қатысты теріс қылық әрекеттері тіркелген.

1) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сейдахметов Самат Бектібайұлына басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың және ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға субсидиялар төлеу тәртiбiн бұзып, шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткен.

Аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы С.Сейдахметовке Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50 бабының 1 тармағының 4-тармақшасына және 44 бабының 6 тармағына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша департаменті, Әдеп жөніндегі кеңестің 2016 жылғы 06 маусымдағы №3-4/17 шешімінің негізінде аудан әкімінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №223-ө н/қ өкімімен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді.

      2) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Айнақұлова Ұлжан Рүстемқызы шешімдерді дайындау және қабылдау жеке және заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткені үшін яғни, тұрғын үй көмегі тағайындалған азаматтардың дербес шотына аударылатын қаражаттың жалпы 19 855 000 теңгесін қызмет көрсеткен заңды тұлғалардың шотына негізсіз аударған. Сектор меңгерушісі Ұ.Айнақұловаға Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50 бабының 1 тармағының 4-5 тармақшаларына және 44 бабының 6 тармағына сәйкес, Шу ауданы әкімі жанындағы біріңғай тәртіптік комиссияның 2016 жылғы 31 тамыздағы №2 хаттамасының негізінде бөлім басшысының 2016 жылғы 1 қыркүйектегі №244-ж/қ бұйрығымен қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді. (2015  жылдың 12 айында) Шу ауданының әкімдігі бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының бұзғаны үшін прокуратура тарапынан жауапкершілікке 18 адам (оның 1- аудан әкімінің орынбасары, 1-аппарат басшысы, 4-бөлім басшысы, 2- округ әкімі, 1-мәдениет үйінің директоры, 2-мектеп директоры, 2- балабақша меңгерушісі,- 5 бас маман )  тартылған.

  2016 жылдың 12 айында  1-қылмыстық іс  Шу қаласы әкімінің орынбасары  А.Алтынбектің пара алу әрекеті бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қала әкімінің орынбасары А.Алтынбек Шу қаласының тұрғыны «Т»- деген азаматтан 60 000 теңге көлемінде пара алғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 366 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған, аталған тұлға Шу аудандық сотының үкімімен ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61 бабының 1 тармағының 12) тармақшасымен жұмыстан босатылды. (2015 жылдың  12 айында  3  қылмыстық іс) Оспанова Салтанат  Садуақасқызы – Еспе бастауыш мектебінің меңгерушісі, Буралкиев Сағат Ақжолұлы- № 10 колледждің директоры, Садвокасова Сания Муратбекқызы — № 10 колледж директорының орынбасары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            БЕКІТЕМІН

                                                               Комиссия төрағасы, аудан әкімі

                                                               ________________ Р.Дәулет

                                                               «    » желтоқсан 2016 жыл

Шу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия жұмысының 2017 жылдың 1 тоқсанының

ІС-ЖОСПАРЫ

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі

экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2016 жылы Шу ауданында орындалуы туралы

Хабарламашы: Шу аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы

Есеп берушілер: Сыбайлас жемқорлық көріністері өскен мемлекеттік органдар

     Комиссия хатшысы, аудан әкімі

     аппаратының мемлекеттік-

     құқықтық жұмысы және азаматтық

     хал актілерін тіркеу бөлімшесінің

     басшысы                                                                                     Р.Аманғазиева

Последние новости

Телефон приемной

8 (72638) 3 10 75